ШҚО-да бастауыш партия ұйымдарының жиындары жалғасуда

1108
көрілім

22 сәуірі күні Өскемен қаласында орналасқан 400 ден астам партия мүшесін біріктірген "Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.

Жиын барысында  2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын басты жұмыстардың жоспары бекітілді.

«Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымы Өскемен қаласындағы ірі ұйымдардың бірі және төрт жүзден астам партия мүшесі бар. Ұйым алдағы уақытта да партия жұмысында белсенділік танытып, сайлауалды бағдарламасы мен жаңа бастамаларына қолдау көрсететініне сенімдімін",- деп атап өтті жаңадан сайланған Төраға Мұхтар Әділбекұлы.

Отырыс соңында 30 сәуірде өтетін ХХVII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.