Көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері роботтандырылған хирургияны енгізуде, деп хабарлайды Buqara.kz cайтының тілшісі.
– Дәрігер Хусан Умурзаков «TransEnterix» (Италия) орталығында роботтандырылған хирургия бойынша арнайы оқудан өткен. Енді жергілікті онколог дәрігерлердің «Senhance TM» роботтандырылған жүйесінде хирургиялық емдеудің жоғары технологиялық түрлерін орындауға мүмкіндіктері бар, – дейді онкология және хирургия орталығында.
Ақ халаттылардың айтуынша, жақында бүйректі алып тастау бойынша робот көмегімен бірінші рет ота жасалған. Науқастың жағдайы тұрақты, денсаулығына еш қауіп жоқ.