ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, сирек кездесетін металдарға ерекше назар аудару керек, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.
- Алдағы уақытта өнеркәсіп саласындағы негізгі күш-қуат жаңа технологияларды игеруге, геологиялық барлау өндірісіне бағытталуы керек, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Үкімет минералды ресурстарды кешенді игерудің жаңа бағдарламасын жасады. Бұл барлауға жұмсалатын қаржы бірнеше есе артады деген сөз. Бұл – біздің болашағымыз!
Облыс әкімі аймағымыз үшін дәстүрлі полиметалдарды өндіружәне өңдеумен қатар өзіндік құны әлдеқайда жоғары сирек кездесетін металдарға айрықша назар аудару қажеттігін айтып өтті.