ШҚО-да бензин мен дизель отынын саудалайтын 19 кәсіпкердің жұмысы тергеу үстінде. Оларға «бағаны өзара келісіп көтерген» деген айып тағылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жайлы Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлап отыр. 2016 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейінгі кезең мен 2017 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында мұнай өнімдерінің (АИ-92/93, 95, ДТ маркалы бензин) бағаларын заңға қайшы жоғарылату фактісі бойынша 19 нарық субъектісіне қатысты 9 тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер бағаны келісіп көтерген нарық субъектілерінің кінәсі дәлелденсе, оларға 58 461 340 теңге мөлшерінде айыппұл салынбақ.