12 қыркүйек күні ел аумағында 73 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан көз жұмған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 20 науқас.
Шымкент қаласында - 9,
Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - 4,
Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарында - 2,
Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір адамнан көз жұмған.