Күдіктілер ауыл тұрғындарына жалпы көлемі 3,4 млн.теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Глубокое ауданының тәртіп сақшылары өскемендік үш жігітті қамауға алды.
Олар үй аулаларына заңсыз кіріп, шаруашылық нысандарын тонаған. Әсіресе тұрғындардың көлікжайлары мен моншаларындағы заттарды жымқырған.
Қазіргі уақытта заңбұзушылардың 32 ұрлық оқиғасына қатысы бары анықталды. Күдікті азаматтар қылмыстарын Глубокое ауданының 17 елді мекенінде іске асырған. Көбінде электр құралдарын ұрлаған.