Оқиға Риддер қаласы мен Зайсанда орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Зайсан ауданында Кебаев көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ВАЗ-2114 көлігі өртенген. Өрттің жалпы аумағы 3 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі - дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Келесі өртенген автокөлік Риддерде Хайрузовский аумағындағы үй жанында тіркелген. Өрт «Фольксваген Пассат» көлігінің панелін, қозғалтқыш бөлігін, қаптауын және дөңгелектерін шарпыған. Өрттің себебі - электр жабдықтарының апаттық режимі екені белгілі болды.