ШҚО-да бірегей ведомствоаралық біртұтас ситуациялық орталық жұмыс істейді

309
көрілім

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметтерді цифрландыру және шығысқазақстандықтардың өмір сүру саласы туралы айтты. Облыста ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталық құрылып, тәжірибелік пайдалануға берілді. Аймақ басшысының айтуынша, ол Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда орталықтарынан қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық ақпараттық жүйелер, көлік, әлеуметтік объектілер, төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер, халықтың өмір сүру сапасына бағытталған геоақпараттық жүйелердің кешенді, біртұтас тәсілімен ерекшеленеді. Оның құрамына ахуалдық және инвестициялық орталықтар, жедел ақпарат орталығы («Сергек» қоғамдық тәртіп және бейнебақылау), «109» төтенше жағдайлар және коммуналдық қызмет, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі кіреді. 60 корпус пен 3 мың салалық индикатордың жұмысы үшін сыртқы жүйелермен 20-дан астам интеграция жүзеге асырылып, жинау алгоритмдері жасалған. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет іске қосылғаннан бері 112 және 109 нөмеріне, 23 мың қоңырау келіп түсіп, 7 мың құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар аймақта қоңырауларды қабылдау және өңдеу бойынша барлық қызметтерді біріктіретін бірыңғай алаң бар. 15 тамыздан бастап азаматтардың жауаптар сапасына қанағаттанушылық деңгейін және мемлекеттік органдар тиімділігін арттыру үшін өтініш берушілердің SMS-хабарламалары арқылы кері байланыс сапасын бағалау алаңы енгізілді. 95% хабарласушы жауап сапасына қанағаттанған. Айта кететін тағы бір жайт, «Ақылды қалалардың» стандартты нормаларына сәйкес Өскемен қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейінгі 3-ші орында. Жалпы алғанда, 2019 жылдың басынан бастап облыс халқына 4,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды форматта 3,8 миллион адам, бұл 85%-ды құрайды.
«Ауылшаруашылық және арнайы техниканы есепке алу» процесі автоматтандырылып, жүйе 3 мың сұранысты өңдеді. Жер қатынастары саласында 19 қабат инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның қатысуымен Өскемен және Семей қалаларының бос жер учаскелері электрондық картасы жасалды. Жыл соңына дейін 6 қалада, Риддер, Аягөз, Шемонаиха, Серебрянск, Зайсан, Алтайдың карталары орналастырылады. 2020 жылға дейін облыстың барлық аудан орталықтары цифрландырылады.
Білім саласында 647 IT сыныптары ашылған. Автоматтандырылған платформа арқылы 22 мыңнан астам бала кезекте тұр, 21 мың бүлдіршін 1-сыныпта оқуда. Денсаулық сақтау саласында интернетпен қамту, оның ішінде ауылдық ФАП 97%, компьютерлік жабдық 100% құрайды, DamuMed медициналық жүйесімен қамту 100% құрайды. Сондай-ақ Семей қаласында «Автобус» төлем ақыларының электрондық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Осындай жүйе Өскеменде 2020 жылы іске қосылмақ.