ШҚО-да «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы 30 мыңға жуық адамға 50 мың теңгеден берілді

525
көрілім

«Nur Otan» партиясы тұрғындар сауалына тікелей эфирде жауап берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков және ШҚО Білім басқармасының басшысының орынбасары Қ.А.Оспанғалиев,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.О.Сұлтанова,  Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.С. Рамазанов, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының  ШҚО филиалы жетекшісі Н.Т. Қыстаубаев қатысып  әлеуметтік желі арқылы тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді.

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан жолданған сауалдардың басым көпшілігі «Birgemiz» қоғамдық қорнан берілетін 50 мың теңгеге және  төтенше жағдай мен карантин уақытында табыс көзінен айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңге мен  коммуналдық қызметке төленетін 15 мың теңгеге  қатысты болды. 
Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде  42 500 теңге мөлшеріндегі төлем бірінші кезеңде 296 мың адамға берілсе, екінші кезеңде 192 мың адам төлемге ие болған. 
Бұл туралы тікелей эфирге қатысқан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының  ШҚО филиалы жетекшісі Н.Т. Қыстаубаев жеткізді.

- Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы  Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларының 29 853 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды. 
Сонымен қатар «Birgemiz» акциясы аясында өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан, қала әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдерінің қатысуымен облыс көлемінде  21 895 отбасыға азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тұрмыстық заттар берілді» - деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.

Естеріңізге сала кетсек, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бұған дейін де тұрғындар сауалдарына тікелей эфирде жауап берген болатын.