ШҚО-да бірқатар коммуналдық қызметтердің тарифі арзандады

456
көрілім

Өңірде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 наурызда коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралар туралы жиналысында берген тапсырмасын орындау аясында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төтенше жағдай кезеңінде бірқатар коммуналдық қызметтердің тарифін төмендетті.

- «Шығысэнерготрейд» ЖШС электрмен жабдықтау қызметіне «Бірінші деңгей» бойынша тұрмыстық тұтынушылар үшін, ҚҚС-сыз есептегенде 1 кВт/сағат үшін 9,098 теңгеден 8,916 тенгеге төмендетті;

«Жаңа Согра» ШЖҚ КММ өз қызметтеріне: - сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 34,69 теңгеден 31,22 теңгеге дейін немесе 10-ға тариф төмендетілді; - ағынды суларға қызмет көрсету үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 19,16 теңгеден 17,24 теңгеге дейін немесе 10-ға тариф төмендетілді;

«Водоканал» ШЖҚ КММ Риддер қаласының тұрғындары үшін: - ЖЕҚ бар тұрғындарды сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 29,41 теңгеден 28,53 теңгеге дейін немесе 2,99%-ға, ал ЖЕҚ-сыз тұрғындар үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 36,64 теңгеден 35,54 теңгеге дейін немесе 3 % төмендеді;

- ЖЕҚ бар тұрғындарды ағынды суларға қызмет көрсету үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 21,63 теңгеден 20,98 теңгеге дейін немесе 3%-ға, ал ЖЕҚ-сыз тұрғындар үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 27,55 теңгеден 26,72 теңгеге дейін немесе 3,01%-ға тариф төмендетілді; «Курчатов Водоканал» ШЖҚ КММ Курчатов қаласының тұрғындары үшін: - сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 48,28 теңгеден 45,8 теңгеге дейін немесе 5,14%-ға төмендетілді; - ағынды суларға қызмет көрсету үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 58,47 теңгеден 55,55 теңгеге дейін немесе 5%-ға тариф төмендетілді;

«Жылы-су орталығы» КМК Алтай қаласының тұрғындары үшін: - жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 Гкал үшін 3847,34 теңгеден 3767 тенгеге дейін немесе 2,09%-ға төмендетілді; - сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 55,94 теңгеден 54,82 теңгеге дейін немесе 2,0%-ға төмендетілді;

- ағынды суларға қызмет көрсету үшін ҚҚС-сыз есептегенде 1 м3 үшін 84,17 теңгеден 82,49 теңгеге дейін немесе 2,0% –ға тариф төмендетілді.

Сонымен қатар бұдан бұрын департамент коммуналдық қызмет көрсететін барлық субъектілерге төтенше жағдай кезеңінде берешек бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.