ШҚО-да бірнеше адам заңсыз аң аулағаны үшін жазаланды

201
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Полицейлер балық ресурстары, заңсыз аң аулау және Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді жинау сияқты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бойынша қаралған істер сотқа жіберілді, ал браконьерлерге тиісті шаралар қолданылды.
Мәселен, 57 жастағы Алтай ауданының тұрғыны үш бұлғынды заңсыз атқаны үшін бір жылға бостандығынан шектелді. Осы ауданның 30 жастағы тағы бір тұрғыны Богатырево ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінің сағасында күмжіні (таймень) заңсыз аулаған. Қызыл Кітапқа енетін балықты олжа еткені үшін екі жылға бостандығы шектелді.
Өңірдің төрт тұрғыны түрлі мерзімге (бір және үш жылға) бостандығынан шектелді. Олар Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында 4000 дана торжуа  (черемша) жинап, оны Риддерде сатып жібермек болды.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері өткен жылы 1845 рет рейд жүргізіп, 1300-ден астам бұзушылықты анықтады.