Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында 19 тамыздан бастап Абай Құнанбайұлы атындағы велосипед спорты бойынша ҚР чемпионаты өткізілуде. Жарыс 28 тамызға дейін жалғаспақ.
«Осыған орай, бірнеше тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, 21 тамызда Өскемен-Самар тасжолының 1-60 шақырымында, 22 тамызда Өскемен-Алтай тасжолының 1-55 шақырымында, 23 тамызда Өскемен-Самар тасжолының 1-59 шақырымында, 25 тамызда Өскемен-Таулы Үлбі тасжолының 21-55 шақырымында, Өскемен-Алтай тасжолының 1-55 шақырымында, 26 тамызда Өскемен-Таулы Үлбі тасжолының 1-25 шақырымында, 27 тамызда Өскемен-Алтай тасжолының 1-55 шақырымында және Өскемен-Таулы Үлбі тасжолының 21-55 шақырымында», - делінген ақпаратта.
Департамент өкілдері халықтан аталған тасжолдар бойынша қозғалысты алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.