Өңірде 2020 жылы 15 өрт бекетін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазірде өңір бойынша 63 өрт бекеті бар. Олар өрт сөндіру қызметі жоқ елді мекендерде орналасқан. Мұндағы мақсат – тұрғын үйлерде және далада шыққан қызыл жалынды жылдам ауыздықтау.
– Жыл сайын облыста жаңа өрт бекеттері құрылуда. Өткен жылы осындай 4 бекет (Бородулиха ауданында – 2, Ұлан ауданында – 1, Көкпекті ауданында – 1) ашылған. Биыл олардың саны тағы 15-ке көбеймек (Бесқарағай ауданында – 3, Глубокое ауданында – 3, Катонқарағай ауданында – 2, Үржар ауданында – 2, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және Алтай аудандарында бір-бірден). Сәуір айынан Шемонаихадағы өрт бекеті өз жұмысын бастаған, – еп хабарлады ведомство өкілдері.
Бекеттер ауылдардан 20 шақырымдай жерлерде орын тебеді. Онда 4 адам тәулік бойы кезекшілік атқарады. Әр өрт бекеті сол маңдағы төрт елді мекендегі өрт ахуалын бақыламақ.