Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 36 ауылға ауызсу тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
- Осы жылы таза ауызсумен қамтамасыз етілген ауылдардың санын біршама арттырумыз керек. Жоспар бойынша 36 ауылға ауызсу тартылатын болады. Нәтижесінде 11 мың ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады, - деді аймақ басшысы.
Өткен жылы ауылдарға 77 блоктік-модульдік станция орнатылыпты. Биыл осындай 50, 2021 жылы 49 станция орнатуды жоспарланған.