Бұл жайлы облыс орталығында "Nur Otan" партиясы өкілдері өткізген депутаттық фракция отырысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Құрылыс басқармасы басшылығындағылар қазіргі уақытта ауқымы 1 млн шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
- Аталған аумақ бойынша 647,1 мың шаршы метрдің құрылысы тәмамдалды, бұл өткен жылғы жоспармен салыстырғанда 40%-ға артық орындалды дегенді аңғартады. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында көпқабатты тұрғын үй құрылысы бір сәтке де тоқтамады. Айталық, "Бірқабатты Шығыс" бағдарламасына сәйкес биыл 464 пәтер қолданысқа берілмек, - деді басқарма басшысының орынбасары Азамат Ахмамбетов.
shkoda_biyl_464_peter_koldanyska_berilmek
59