ШҚО-да биыл 499 шақалақ шала туды

693
көрілім

17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған нәрестелер күні атап өтіледі.

Шала туған нәрестелер күні алғаш рет Венада 2009 жылы атап өтілді.  Бір жыл бұрын, 2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туылған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосылды, оған сәйкес республикада 2008 жылдан бастап тірі туылу критерийлері енгізілді: жүктіліктің 22-ші аптасында (алты айдан басталатын мерзім) дене салмағы 500 грамм және одан да көп туылған нәрестелерді күту.
2022 жылдың 10 айында Шығыс Қазақстанда мерзімінен бұрын 499 сәби туылған. Шала туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда.
Біздің елімізде барлық жүкті әйелдер ұрықтың дамуын міндетті түрде скринингтік тексеруден өткізеді (перинаталдық скрининг).  Қандай да бір патология анықталған кезде бейінді аралас мамандардың консилиумы жүргізіліп, онда әйелдің одан әрі босану тактикасы, әдісі және орны айқындалады.
Баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, туылғаннан кейін бірден перзентханаларда тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және барлық жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі. Неонатальды скринингтер толықтай МӘМС пакетінде Қор активтерімен қаржыландырылады.
Барлық жаңа туған нәрестелерде және ерте жастағы балаларда (6 жасқа дейін қоса алғанда) есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардағы көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жүргізіледі.
Дене салмағы өте төмен және төмен туылған балаларда (2500 г-нан аз) шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі.
Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін аймақтың барлықемханаларында баланы дамыту кабинеттері ұйымдастырылған.