ШҚО-да биыл 6,02 млрд теңгеге 256 жобаны іске асыру жоспарланған

126
көрілім
Фотосурет редакция мұрағатынан

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың ақпаратынша, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына сәйкес 584,3 млн. теңгеге 26 жобаны іске асыру күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, облыстық бюджеттен бөлінетін 1 826,1 млн. теңгеге 9 жоба, жергілікті бюджеттен бөлінетін 3 609,5 млн. теңгеге 221 жоба жүзеге асыру жоспарланды. Толығырақ жазсақ:
* көшелерді жарықтандыру - 1 010,4 млн. теңгеге 93 жоба,
* балалар және спорт алаңдары - 1 162,9 млн. теңгеге 82 жоба,
* аулалар мен көшелерді абаттандыру - 2 981,7 млн. теңгеге 31 жоба,
* саябақтарды абаттандыру - 84,8 млн. теңгеге 3 жоба,
* одан басқа жұмыстарға (ШАФ, көгалдандыру, ескерткіштер) – 780,1 млн. теңгеге 47 жоба іске асырылмақ.
256 жобаның ішінен облыстың қалаларында 2,5 млрд. теңгеге 50 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
* балалар және спорт алаңдары - 400,5 млн. теңгеге 10 жоба,
* аулалар мен көшелерді абаттандыру - 1 462,5 млн. теңгеге 28 жоба,
* саябақтарды абаттандыру - 60,0 млн. теңгеге 1 жоба,
* басқалары - 614,7 млн. теңгеге 11 жоба.
Бұл жобалар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 қарашадағы қаулысымен бекітілген қалаларды абаттандыру жөніндегі Жол картасына енгізілген.