Жауапты тұлғалар Декларация тапсырудың сонғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін екенін ескертіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкер болып саналатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады. Бұдан бөлек, тізімде олардың жұбайы (зайыптары) болып саналатын жеке тұлғалар бар.
Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған. Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері Декларация ұсынудан босатылды.
2024 жылы облыс бойынша декларацияны 77,5 мың жеке тұлға табыстауы қажет. Шілде айының 10-дағы ақпаратқа сүйенсек, 33,8 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 44% декларацияны тапсырды.
- Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған. Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) үшін Декларацияны тапсырудың сонғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін ескертеміз. Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады, - делінген ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері ұсынған ақпаратта.
Мамандар салықтық міндеттемені уақтылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстау керектігін жеткізді.