ШҚО-да биыл бірінші рет адамға жай түсу оқиғасы орын алды

487
көрілім

Найзағай отынан күйік алған ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бородулиха ауданы Зенковка ауылының тұрғыны 25 мамыр күні найзағай түсіп жарақат алды.

– Жазық далада 48 жастағы ер адам мал жайып жүреді. Осы кезде найзағай ойнап, шопанның тура жанына жай түскен. Малшының аяғы мен мойнын күйік шалған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД басқармасының баспасөз қызметі, – Зардап шегуші аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.