Қазіргі таңда МӘМС жүйесі арқылы көптеген медициналық қызметтерді алу оңай болды. Онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның болуын ескере отырып, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі өзектілігін жоғалтпайды.
Ең алдымен қаржыландыру сұраныстың өсуіне мүмкіндік берді, осылайша, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысына сүйенетін болсақ КТ және МРТ-ға тиесілі медициналық сақтандыру бойынша 5 мыңға жуық қызмет көрсетілді, яғни емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша жоспарлы түрде. Жалпы, облыс бойынша көрсетілген қызметтер сомасы 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында шамамен 130 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар, біздің облыс жұртышылығынан МӘМС арқылы томографиядан қалай тегін өтуге болады деген сұрақ жиі келіп түсіп жатады.
«Науқасқа кез-келген диагностикалық процедураны емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсеткіштер болған кезде дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациентте МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы тиіс», — деп атап өтті ШҚО ӘМСҚ филилы халықты ақпараттандыру бөлімі мамандары.
Егер КТ/МРТ қызметтерін алуға қатысты сұрақтарыңыз болса немесе сіз олардың көрсеткіштеріне қол жеткізе алмасаңыз, онда өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: Ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы 24/7 Qoldau және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.