Бірнеше жыл қатарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазан айын сүт безі обыры туралы хабардар болу деңгейін көтеру айы деп жариялады. Шығыс Қазақстанның онколог мамандары аталмыш аурудың әйелдер арасында көш бастап тұрғанын айтады. Алайда жыл артқан сайын аты жаман дертті дер кезінде анықтау және емдеу жағынан да өңірде айтарлықтай жетістіктер бар. Бұл ретте медициналық сақтандыру қоры скринигтік зерттеулердің аса маңызды екендігін еске салады.
«Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс. Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, анықталған жағдайда бұл ауруды емдеуге де мүмкін, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал, бұл тексеру тегін жүргізіледі», - дейді ШҚО ӘМСҚ медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімі басшысы Гулмира Қабдиева.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылдың 8 айында скринингтік зерттеулер нәтижесінде 65 әйелдің осы ауруға шалдыққаны анықталып, 650 әйелден сүт безі обырнының ошағы бар екені белгілі болған. Жалпы облыс бойынша аталмыш уақыт аралығында 58 458 нәзік жанды скринигтен өткен екен.
Айтпақшы, қазанның 23-і күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Потанин к, 6 ( 1-ші корпус ) емханада сүт безі обырына қарсы күрес күніне орай «Ашық есік күні» өтеді. МӘМС Аясындағы скринигтік зерттеулермен қатар, осындай іс-шаралар обырды ерте анықтауда үлкен септігін тигізеді дейді мамандар.
«Облыстың әйелдер қауымын дәрігер-маммологтардың консультативтік-диагностикалық қызметін алуға шақырамыз,, өздеріңізбен жеке куәлік ала келіңіздер. Бетперделік режим қатаң сақталады. Қосымша ақпаратты 8 (7232) 74-26-98, 70-59-22, 74-28-35, 8-705-853-11-77 нөмірлері арқылы біле аласыздар», - дейді ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының баспасөз қызметінде.