ШҚО-да биылғы жылдың 6 айында азық-түлік бағасы 5,2%-ға қымбаттаған

586
көрілім
Шығыс Қазақстанда 1 жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, азық-түлік бағалары 5,2%-ға өскен. Бұл жайлы бүгін ШҚО Статистика департаментінде өткен баспасөз брифингі барысында айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

2017 жылдың 6 айында тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 4%, торттар – 10,5%, қант печеньесі – 5,4%-ға қымбаттаса, сиыр еті – 5,7%, қой еті – 6,3%, жылқы еті – 5,7%-ға өскен.

Жаңа піскен көкөністердің ішінде сәбіз және қызылша – 1,7 есе, картоп және пияз – 1,9 есе, тәтті бұрыш – 16,1%-ға қымбаттады. Ал алкогольсіз сусындар ішіндегі қара шайдың бағасы 6,3%-ға көтерілген, – дейді облыстық Статистика департаменті Баға статистикасы басқармасының басшысы Снежана Веригина.