ШҚО-да биылғы жылы 16 адам білім саласындағы жемқорлық бойынша ұсталды

340
көрілім

Соңғы үш жылда Шығыс Қазақстанда жемқорлық фактілері бірнеше рет тіркелген. Нәтижесінде  облыс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысы көңілге қонбайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінде айтылды.
Облыста 2017 жылы 11 адам сотталса, 2018 жылы 12 адам істі болған. Ағымдағы жылы 16  білім саласы қызметкері заң алдында жауап берді.

2017 жылы (11 адам)

2018 жылы (12 адам)

2019 жылы (16 адам)

1. Семей қаласы

1. Семей қаласы

1. Семей қаласы

2. Риддер қаласы

2. Өскемен қаласы

2. Риддер қаласы

3. Курчатов қаласы

3. Бесқарағай ауданы

3. Ұлан ауданы

4. Глубокое ауданы

4. Көкпекті ауданы

4. Тарбағатай ауданы

5. Тарбағатай ауданы

5. Зайсан ауданы

5. Абай ауданы

6. Күршім ауданы

6. Абай ауданы

6. Күршім ауданы

7. Үржар ауданы

 

7. Жарма ауданы

 

 

8. Зайсан ауданы

Негізгі істі болғандар – білім мекемелеріндегі есепшілер мен бас есепшілер. Одан басқа балабақша меңгерушілері, мектеп директорлары, білім бөлімі басшылары мен орынбасарлары, әкім орынбасарлары болып табылады.

Негізгі жемқорлық қимылдары: жалақыны заңсыз аудару арқылы мемлекет қаржысын ұрлау, атқарылған жұмыстардың жасанды актілеріне қол қою, дәлелді шығындары жоқ іс-сапарлар бойынша ақша аудару оқиғалары.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ