Облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік палатасы тізе қосып, «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлер жеткізген 30 мәселенің шешілуіне ықпал етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Одан бөлек, 385 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлердің жиі кездесетін мәселелерінің үштен бірі - жер құқығын алудағы қиындықтар және мемлекеттік органдар тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамаумен байланысты.
Мысалы, ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ кассалық аппараттар үшін қағаз таспаны сатып алған. Алайда, кәсіпкер көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін тауарды жеткізген кезде тапсырыс беруші себепсіз тауарды қабылдаудан бас тартты.
Департамент пен «Атамекен» ӨКП мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізді. Нәтижесінде кәсіпкер алдындағы міндеттемелер орындалды.