Бүгін республиканың кей аймақтарында тұман түсіп, жел күшейіп, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің қарқыны - 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде.
Түнде Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 18 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде боран соғып, оңтүстік-батысында жел екпіні 20-25 м/с-қа жетеді деп болжануда.