Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында және орталығында күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік өңірде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады. Батысында, орталығында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжануда.