Суық ауа ағынының әсерінен солтүстіктегі өңірлерде күн суытқанымен фронталды бөліктер әсерінен кей аймақта қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облысының батысында тұман түсіп, түнде оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал, жаяу бұрқасын күтіледі.