Өңірдегі ХҚКО мамандары босанар алдындағы қарбаластардан бөлек, мемлекет тарапынан төленетін төлемақы рәсімдеу жағын да ойластыру қажеттігін айтуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.
Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Банк шоты жайлы мәлімет;
- Жұмысқа жарамсыздық парағы;
- Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.
Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚКО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады, – делінген мәліметте.
Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.