ШҚО-да босап шыққанына небәрі бес күн болған ұры бірнеше ұрлық жасап үлгерген

320
көрілім

Тәртіп сақшылары «Пәтер» жедел алдын алу шаралары кезінде бірнеше тонау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Семей қаласындағы полиция қызметкерлері 31 жастағы ұрыны қолға түсірген. Бұған дейін істі болған күдікті тамыз айының 1-і күні ғана бостандыққа шыққан. Түзу жолға түсудің орнына ол 7 тамызда Шығыс көшесіндегі үйдің бірінің терезесін шағып кіріп тонауға көшкен. Жатын бөлмеге кірген ұры 900 000 теңге көлемде ақша жымқырды. Үй иелері сол уақытта Алакөл демалыс орнында болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы сияқты тағы да 5 пәтерде ұрлық фактісі тіркелген. Барлық оқиға бойынша тергеу жалғасуда.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген шара барысында 28 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны төрт пәтерді тонау фактісі бойынша ұсталды. Пластикалық терезе және есікті бұзу арқылы тұрғындардың үйлеріне кірген ер адам тұрмыстық заттарды (аудиоколонкалар, ноутбук, электрлік бұрғылар, ұялы телефондар т.б.) алып кеткен, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.