«Семей-Қарауыл» тасжолында жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай аударылып қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқыс оқиға 16 тамыз күні болған.
– «Тойота» маркалы көлікті тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші әуежай бағытына қарай жол жүрген. Алайда басқаруға ие болмай жол шетіне ауып қалды, – дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Алған ауыр жарақаттарынан бойжеткен апат орнында жан тапсырды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама жұмыстары тағайындалған.