ШҚО-да браконьер елікті заңсыз атып алған

320
көрілім
Шартты сурет.

Оқиға Шемонаиха ауданында болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Төртінші қазан күні «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылының тұрғыны ұсталды. Ол түнгі уақытта сібір елігін заңсыз атып алған. Бұл бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды, – деп мәлімдеді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары.

Енді заңбұзушыға 160 АЕК көлемінде (404 мың теңге) айыппұл төлеу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар немесе 40 күнге дейін қамауға алыну шаралары жазасы қолданылмақ.

Аумақтық инспекция қызметкерлерінің айтуынша, браконьерлердің нысанасына іліккен еліктің лағы болуы мүмкін.