Облыста табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олардың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 3 млн. теңгеден астам залал келтірілді. Жауапты тұлғалар сөзінше, өңірде жануарлар әлеміне заңсыз қолсұғушылық азайған жоқ. Аң және балық аулау фактілері бойынша 180-нен астам құқық бұзушылық анықталып, 400 келіден астам балық тәркіленді.
Сондай-ақ бірқатар қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
– Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және бұзылған жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауап қарастырылғанын ескертеді, – деді ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әсет Қизатов.
Жедел алдын алу шарасы ақпан айының 29-на дейін жалғасады.