Марқакөл мемлекеттік қорығында заңсыз аулауға қарсы тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Биылғы жедел алдын алу шаралары барысында 300 келі бағалы балық тәркіленді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, 2018 жылы 266 рейд жүргізілсе, 2019 жылы 720 рейдтік шаралар ұйымдастырылған. Өткен жылы 125 келі балық тәркіленіп, 85 әкімшілік хаттама толтырылды. Бір қылмыстық іс қозғалған. Ағымдағы жылы асыра балық аулау нәтижесінде ауланған балық көлемі 368,8 келіні құрады. Сонымен қатар браконьерлерден 22,7 келі уылдырық тәркіленіп, нәтижесінде 41 әкімшілік хаттама толтырылып, екі қылмыстық іс қаралды.
Ережеге сәйкес Марқа көлінде балық аулау тек күзетілетін аймақтағы тұрғындарға қажеттілік жағдайында ғана рұқсат етіледі. Оның өзінде балық аулау уақыты мен орындары бекітілген.