Өңірде ителгі тұқымдас сирек кездесетін екі құс табиғатқа қайта оралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сирек кездесетін құстар қараша айының басында Өскемен қаласындағы екі браконьерден тәркіленген. Бұл қылмыс «Браконьер» жедел алдын алу шара аясында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде ашылып отыр. Құтқарылған құстар Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығына жеткізілген. Ветеринариялық сараптама жүргізіліп, тергеу амалдары аяқталған соң құстар табиғатқа ұшырылды.
– Ителгі - сирек кездесетін жыртқыш құс. Оны бүкіл Қазақстан аумағынан кездестіруге болады. Қазақстан биосаналуандықты сақтау қауымдастығы және Қазақстанның құстарды қорғау одағының шешімімен 2020 жылы ителді жыл құсы атанған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.