Синоптиктер мәліметінше, өңірде дауылды ескерту сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
3 маусым күні облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады.
Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Облыс орталығында найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр болатын жел соғады.