ШҚО-да бұрқасын күтіледі

427
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы мен атмосфералық фронтальды бөліктер анықтауына байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.