Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Яғни, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжануда.
Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын, жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғуы күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, желдің күші - 15-20 м/с-қа деп болжануда.