ШҚО-да бұрқасын соғады

478
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі сақталады.

Атап айтқанда, Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артады.

Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады деп күтіледі.