Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Қарағанды облысында жел екпіні 23-28 м/с жетіп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде