ШҚО-да бұрқасын соғады

573
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталып, бірқатар аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ болады.

Синоптиктер ШҚО-ның кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжауда. ШҚО-ның кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-25 м/с-қа артуы ықтимал.