Бүгін солтүстік-батыс және оңтүстіктен келетін циклондардың әсерінен еліміздің кейбір бөлігінде қар жауса, оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Елдің тек оңтүстік-шығысы мен Солтүстік Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста, шығыста бұрқасын соғады.
Синоптиктер болжамынша, ШҚО-ның солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, жолдарда – көктайғақ, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
shkoda_burkasyn_sohady_13
59