Бүгін республика аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болуына байланысты бірқатар өңірлерде күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, жауын-шашын, тауларда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.
Қызылорда облысының орталығында – тұман түсіп, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжануда.