Бүгін республика бойынша кей жерлерде желмен бірге бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 екпіні 23-28 м/с күшейеді.