Атмосфералық фронттарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің қалған аймақтарына антициклон әсер ете бастайды, сондықтан жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Мамандар болжамынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Шығыс Қазақастан облысында бұрқасын көтеріледі.