Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, ал батысы мен солтүстігінде тұман түсуі болжануда.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.