Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола облысында – көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасын соғады деп күтілуде.