«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, солтүстік пен шығыста жел күшейеді.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, облыстың батысында, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.