Республиканың басым бөлігінде Жаңа Жер аудандарынан шыққан терең циклон әсері сақталуынан ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрмоетке сілтеме жасап.
Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрып, желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді деп болжауда.