ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

350
көрілім
Шартты фотосурет

Оңтүстік Каспий циклоны бүгін де республиканың көп бөлігіне өз әсерін тигізуінен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық.

Республиканың кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауып, оңтүстік пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ түсуі ықтимал.