Бүгін көшпелі циклонның атмосфералық ағындарына байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Өткінші жаңбыр жауады, найзағайжарқылдайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек еліміздің солтүстігінде күн райы ашық болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл соғып, бұршақ жауады деп болжауда.